Бас прокурордың бірінші орынбасары Т. Тәшімбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске барлық құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары және бейнебайланыс арқылы тиісті жергілікті құрылым басшылары қатысты.
Аталып өткендей, өткен жылы соттар шығаратын жеке қаулылардың саны 28,8%-ға төмендеген. Сонымен қатар, биылғы жылдың басынан бері азаматтардың қадағалау органына жолдаған өтініштері 13%-ға өскен.
Кеңесте қылмыстық қудалау органдарына жеткізу, тінту, елімізден тыс жерге шығуға шектеулер және бұқаралық ақпарат көздерінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәліметтерді көрсетулер кезіндегі жиі жіберілетін заң бұзушылықтар егжей-тегжейлі талқыланды.
Шара соңында бірқатар шешімдер қабылданды, оның ішінде қылмыстық процесте азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын және бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама жасау мәселесі қаралды.