Жыл басынан бері СҚО жүргізушілері 9 млн. астам теңгеге VIP-нөмірлерді сатып алған
«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жүргізушілері жалпы сомасы 9 млн. 45 мың теңгені құраған 28 VIP-нөмірді сатып алды. Ақылы нөмірлік белгілер беріле бастаған кезден бастап, яғни өткен жылдың қазан айынан бері СҚО-да жалпы сомасы 16 млн. 566 мың теңгені құраған 51 нөмір берілді», - делінген хабарламада.
СҚО ІІД тіркеу-емтихандық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары Сергей Гизбрехттің түсіндіруінше, көлік жүргізушілердің арасында 555 нөмірлік қисыны ерекше танымал.
Атап өтейік, көп сұранысқа ие болған 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерінің бағасы 451 мың 869 теңгені құрайды. 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері болса, 271 мың 534 теңгеге бағаланған.