Жыл басынан бері Жамбыл облысында мас күйінде көлік жүргізген 167 жүргізуші қолға түсті
09:29, 18 Маусым 2010
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ Жыл басынан бері Жамбыл облысында мас күйінде көлік жүргізген 167 жүргізуші қолға түскен,
деп хабарлады аймақтағы ІІД баспасөз қызметі.
«Бес жарым айдың қорытындысы бойынша қолданылып отырған шаралардың арқасында жол-көлік аппаттарының саны сегіз пайызға төмендеді», - деп мәлім етті ІІБ ЖПО инспекторы, полиция капитаны Бақытжан Жолдасбеков.
Оның айтуынша, мас күйінде көлікке отырған жүргізушілердің салдарынан болатын апат саны азайды, республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғаларының да саны кеміп отыр.