Жыл басынан бері жаңа үлгідегі 27 мың электрондық төлқұжат шығарылды ? Әділет министрлігі

None
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Жыл басынан бері жаңа үлгідегі 27 мың электрондық төлқұжат шығарылды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында баяндама жасаған Әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылы Қазақстан азаматтары үшін электрондық төлқұжатты қолдану турасында арнайы қаулы шыққан болатын. Бұл электрондық төлқұжат толығымен халықаралық стандарттарға жауап береді. Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация мүшелігіне (ИКАО) кіріп отыр. Сондықтан да жаңа үлгідегі қазақстандық төлқұжаттар қолданысқа енгізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері 27 мың электрондық төлқұжат шығарылып, азаматтарға берілді», деді З. Балиева. Оның айтуынша, Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұрын таратылып кеткен жаңа төлқұжаттарда азаматтардың «ұлты» қайтадан көрсетілген. «Бұған дейін берілген төлқұжаттардаң иелері келіп, өз құжаттарына ұлты туралы ақпаратын емін-еркін енгізе алады. Бұған қосымша ақы төленбейді. Біз ертеректе таралып кеткен төлқұжат иелеріне хабарласып, олардың қалауы бойынша ұлтын енгіздік», деді З. Балиева.