«25 мың мас жүргізуші ұсталып, өрескел заң бұзушылық жасаған шамамен 35 мың жүргізуші сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды. 3,5 мың құқық бұзушы әкімшілік тұтқындауға ілікті», - деді Қасымов.
Оның деректеріне қарағанда, осы жылдың басынан бері шамамен 2 миллион жол қозғалысы ережесін бұзу әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Мұнан бөлек, қауіпсіздік белдеуін тақпау, ұялы телефонды пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау жұмыстары біршама күшейтілген.
12:25, 21 Қазан 2016
Жыл басынан ел жолдарында 25 мың мас жүргізуші ұсталды - Қасымов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің жолдарында 25 мың мас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.