Жыл басынан елімізде өрт салдарынан 228 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл өрт салдарынан 228 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, тәулік сайын ведомство бөлімшелері 100-ден 150-ге дейінгі шақыртуға барады. Олардың негізгі үлесі тұрғын үй секторындағы өртті өшіруге қатысты.

«Биылғы тоғыз айда елімізде 9 мыңнан астам өрт тіркеліп, оның салдарынан 217 адам жарақат алды, 228 адам қайтыс болды. Жалпы, өрт 10,5 пайызға төмендегенін байқап отырмыз: тұрғын үй секторында – 12 пайызға, көлікте – 19 пайыза, бақылаудағы нысандарда – 8 пайызға», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ю. Ильин еліміздені орман және дала өрті жайында айтып берді. Биыл Қазақстан аумағында орман өрті 20 пайызға артты.