Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге - 14,3, картопқа - 6,9, жаңадан жиналған жемістерге - 6,8, консервіленген сүтке - 3,5, мәйекті ірімшікке - 2,9, қышқыл сүт өнімдеріне - 2,8, жаңа сауылған сүтке, кофеге - 2,5, сары майға 2,4, сүзбеге - 2,1, жылқы етіне, ет өнімдеріне - 1,9, сиыр етіне - 1,7, шұжықтарға - 1,5, шошқа етіне - 1,4, салқындатылған сусындарға - 1,2, жеміс және көкөніс шырындарына 1,1 пайыз көлемінде белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына - 12,6, жұмыртқаға - 1,1, күрішке, қара шайға - 1, құс етіне 0,8 пайызға тіркелді.
Баға өсімі автомобильдерге - 1,9, фармацевтикалық өнімдерге - 1,8, жеке қолданатын тауарларға - 1,7, тұрмыстық аспаптарға - 1,6, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 1,4, тоқыма бұйымдарына - 1,3, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,2, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 1,1, киім және аяқ киімге, кітаптарға 1 пайыз болды. Бензин - 2,2, баллондағы сұйытылған газ - 1,7, дизель отыны - 1,3, тас көмір 0,5 пайызға қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыруға - 6, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне - 3,2, денсаулық сақтау - 2,6, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,4, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1 пайызға өсті. Жолаушылардың теміржол көлігімен, ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы - 3,1, қалааралық - 2,6 пайызға қымбаттады, ал әуе көлігі 8,5 пайызға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға, ыстық суға - 3,5, электр энергиясына - 3,4, қоқыс шығаруға - 3, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 2,2, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,9, суық суға - 0,9, кәрізге 0,8 пайызға жоғарылады.