Жыл басынан елордада 126 жол апаты тіркеліп, 16 адам қаза тапты

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Жыл басынан елордада 126 жол апаты тіркеліп, 16 адам қаза тапты. Бұл туралы Астана қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Басқарманың мәліметі бойынша, қаланың жол полициясы 2013 жылдың 4 айында қалада 16 адам көз жұмып, 133 адам жарақат алған 126 жол-көлік оқиғасын тіркеген. Жол апаттарының жалпы санының 75-і жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған. Соның салдарынан 5 адам көз жұмып, 72 адам түрлі дәрежеде жарақат алса, жаяу жүргіншілердің тікелей кінәсінен 38 жол-көлік апатында 5 адам көз жұмып, 35 адам жараланды.