«109» қызметіне үнемі өтінімдер мен шағымдар келіп түседі. Егер 2015 және 2016 жылды салыстыратын болсақ, шағымдар мен өтінімдер 50 пайызға артты. 2015 жылы 1090 өтінім түссе, ал 2016 жылы 2 113-ке жетті. Атап айтқанда, 2015 жылы адамдардың құдыққа түсіп кетуі бойынша 18 оқиға тіркелсе, былтыр осындай 15 жағдай орын алды. Жыл басынан бері екі оқиға тіркелді. Сондықтан да бұл мәселе бүгінгі таңда да маңызды болып отыр»,-деді Қайсар Жұмабайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Астана әкімі Әсет Исекешев қалада ұрланған құдық қақпақтарын сатып алатын қабылдау орындары қызметін қадағалау мәселесін көтерген болатын. Әкімнің сөзіне қарағанда, күн сайын елордада 10-15 құдық қақпақтары ашық қалады екен.
Оның пайымдауынша , металл қабылдайтын орындардың көбісі ұрланған заттарды сатып алуға бейімделіп алған.