Жыл басынан еңбек инспекторлары 8,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 498 кәсіпорнында 10,6 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 936 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 517 нұсқама беріліп, 59,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 728 млн теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар