Статистикалық көрсеткіштерге қарағанда, жол апаттарының себептері өзгермей тұр. Жалпы, 90 пайыздан артық ЖКО Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен, олардың кінәсінен 9490 апат жасалған, оның ішінде 337-сі алкогольдік және есірткілік мас күйінде болған жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Биылғы жылы қоғамдық көліктің қатысуымен 645 ЖКО орын алып, онда 48 адам қаза болды, 896-сы жарақаттанды.
Айта кетейік, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың өліміне немесе жарақаттануына алып келген жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.