Атап айтқанда, 3200 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болған. Бұл үшін жауапкершілік ҚР Әкімшілік кодексінің 442-бабында қарастырылған. Айта кетейік, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,5% төмен.
«Тағы 64 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және 85 жасөспірім түнгі мезгілде ойын-сауық орталықтарында уақыт өткізгені үшін есепке алынды. Ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.