Жыл басынан Өскеменнің 11,5 мыңға жуық тұрғыны жолда жүру ережелерін 96 млн. теңгеге бұзды
20:28, 07 Тамыз 2012
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық жол полициясының басқармасы борышкерлердің есімдерін атауға қайта шешім қабылдады.
Ағымдағы жылдың басынан бері Өскеменнің шашамен 11,5 мың тұрғыны жол ережелерін бұзды. Оларға 96 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Алайда, борышкерлердің қарыздарын өтеуге асықпайтыны өткір мәселе болуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Дәл сол себептен біз жергілікті БАҚ-та қарызгерлердің есімдері жазылған тізімдерді жариялау шешімін қабылдадық. Өткен жолы бұл шара пайдасын тигізген еді», - деп баяндайды қалалық жол полициясы басқарамасының маманы Алмаз Айтқазинов.