Бірақ нақты айғақтар жоқ болғандықтан жағдай өзгеріссіз қалуда. Бұл бүгін Алматыда жоғары оқу орындарының тәрбие жөніндегі проректорларының қатысуымен "Жастардың тәрбиесі - мемлекет дамуының кепілі" деген тақырыппен өтіп жатқан республикалық есептік конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Әлі күнге дейін бүкіл жыл бойы оқытушыларға пара беруге байланысты бірде-бір факті анықталған жоқ. Әйтсе де арнайы жүргізілген зерттеу қортындылары бойынша оқу орындарында мұндай жәйттің бар екенін біз білеміз. Бірақ нақты айғақтар жоқ. Оны ашық айту қажет", дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Ерлан Әукенов. Оның айтуынша, оқу орындарындағы тәлім-тәрбие жұмыстарында шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Мәселен, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде екі ұлт өкілі арасындағы текетерістен, ал таяуда Ақтөбедегі кәсіптік техникалық колледжде атыс кезінде екі жас азаматтың өмірі қиылды. Сондықтан туындаған барлық мәселеге жан-жақты талдау жасалуы қажет. Жалпы білім жүйесіндегі идеологиялық тәрбие жұмысын қалыптастыру үшін арнайы тұжырымдама жасалды. Ол жақын айларда нормативтік құқықтық актілерден өз көрінісін табады.