Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін созылатын шара шеңберінде еліміз бойынша жалпы саны 300 мыңнан астам осындай құрал табыс етілетін болады. Оны әрбір босанған ана алады.
Акцияның басталуына орай Астана қаласындағы №3 перзентханада ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова және халықаралық, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен алғашқы ақпараттық-білім беру құралдарын табыстау рәсімі өтеді.
Үш жасқа дейінгі балаларды бағып-қағу туралы ата-аналарға арналған ақпараттық-білім беру құралында жүкті әйелдерге арналған кеңестер, ерте жастағы балаларға жасалатын екпелер, бала ауруларының қауіпті белгілері, шұғыл жағдайларда көрсетілетін алғашқы көмек туралы баяндалған. Ұсынылып отырған осы нұсқаулықтан жаңа туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.
Басталу уақыты: сағат 14-00
Өткізілетін орны: Астана қ-сы, Рысқұлов көшесі 6, «№3 қалалық перзентхана»
Аккредиттеу 8/7172/ 74-31-37, 74-32-41, s.kuatzhanova@mz.gov.kz , d.menilbekov@mz.gov.kz бойынша жүргізіледі.