Рейтингте Қазақстан құрамасы 119-шы орында тұр, қараша айымен салыстырғанда бір саты жоғары көтерілген. Посткеңестік кеңістік елдерінің арасында Қазақстан құрамасы Тәжікстан, Түрікменстан, Латвия, Литва және Молдовадан озып тұр.
Бір жылдың ішінде Станимир Стоиловтың қарамағындағы спортшылар өз жағдайын 16 сатыға жақсартқан - қаңтар айында еліміздің бас командасы 135-ші орында еді.
Рейтингтегі бірінші орында бұрынғыдай Бельгия құрамасы. Сондай-ақ көшбасшылар «үштігіне» Франция мен Бразилия кіріп отыр.