Жалпы, обырға қарсы дәрілерге медикаменттерді сатып алуға арналған ақшаның 10,8% жұмсалады екен. Мұндай дәрілерді сатып алуға шығынданатын елдердің көш басында АҚШ (жалпы шығынның 42,2%) тұр. Ары қарай Германия, Франция, Ұлыбритания, Испания мен Италия тұр.
2010-2014 ж.ж. обырға қарсы 45 жаңа препарат нарыққа шықты. Инновациялық терапияға АҚШ, Германия және Ұлыбританияның барлық-дерлік тұрғыны қол жеткізе алады. Жаңа препараттардың 50% жуығын Оңтүстік Корея, Испания немесе Жапония азаматтары сатып алуға қауқарлы. Сарапшылар 2018 жылға қарай әлемде обыр дертіне қарсы дәрілерге жұмсалатын шығын 117-147 миллиард долларға дейін жетеді деп отыр. Алайда, бәсекеге қабілетті бірнеше иммунобиологиялық препараттардың нарыққа шығуы (бұл бойынша Bristol-Myers Squibb, Merck, Roche, AstraZeneca компаниялары жұмыс істеп жатыр) емдік бағасы бойынша жағдайды тұрақты қылуға септесуі мүмкін.