«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2011-2015 жылдарға мақсатты трансферттер арқылы салауатты өмiр салтын қалыптастыру қызметiн қаржыландыруға мүмкiндiк ашылды. Жыл сайын 1 млрд. теңгеге жуық қаражат салауатты өмiр салтын насихаттауға бөлiнедi. Бұл шаралар Қазақстанның барлық 16 облысында өтедi», - дедi ол.
Ж. Баттақованың айтуынша, осындай шараларды өткiзу арқылы және салықтық ставкаларды жоғарылату елде темекi өнiмдерiн тұтынатын халықтың үлесiн төмендетуге ықпал жасады.