Егер 2011 жылы қазақстандық курорттарда 2,9 миллион адам демалса, 2012 жылы - 3,2 миллион адам, ал 2013 жылы - 3,5 миллион адам демалған.
Соңғы үш жылдың ішінде 18 миллион шетелдік Қазақстанға сапар жасаған. Оның ішінде туристік мақсаттармен келгендер де бар. «Қазіргі уақытта әрбір екінші шетел азаматы Алматыға сапарлайды», - делінген хабарламада.
Қазақстанда туризм саласының ЖІӨ-дегі үлесі 0,3 пайызды құрайды. 2012 жылы туристік қызметтен түскен пайда 151 млрд. теңге болған. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық.
Ком и теттің атап көрсеткеніндей, Туристік саланы дамытудың тұжырымдамасы бойынша, 2020 жылы Қазақстанда бұл саланың ЖІӨ-дегі үлесі 3 пайызға жетпек. Ал елге сырттан келетін туристердің саны жылына 8 млн. адам болады деп күтілуде.