БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) кептірілген қауынның сапа стандарттарын бекітті. Жыл сайын әлемде тоғыз миллион тоннадан астам қауын өндіріледі, соның басым бөлігі піскен бойда базарға шығарылады. Жазда Орталық Азия базарларында қауын мол болатыны белгілі. Бірақ экспортқа көп шығарыла бермейді.
Өзбекстанда жыл сайын миллион тонна қауын піссе, соның 27 тоннасы ғана экспортқа шығарылады. Ал халықаралық кептірілген жеміс-көкөніс нарығында жоқтың қасы.
Кептірілген қауын пайдалы қасиеттері мен дәрумендерін өзінде сақтайды. Жуырда осы өнім Өзбекстанның және басқа да Орталық Азия елдерінің жаңа экспорт тауарына айналуы мүмкін.