Оның айтуынша, елордадағы кәсіптік білім берудің сапалылығының көрінісі қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базаларында дайындалған кадрларға деген жоғары сұраныс болып табылады.
18:01, 10 Желтоқсан 2012
Жыл сайын Астанада 7 000-нан аса жұмысшы маман дайындалады
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні қаладағы техникалық және кәсіптік білім беретін 35 оқу орнын жыл сайын 7000-нан аса жұмысшы маман бітіріп шығады. Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы Әлеуметтік-мәдени даму тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Эльмира Суханбердиева мәлім еткен.