Зауыт, көлік, электрстансалары және көмір жағудан бөлінген улы шаң-тозаң жүрек ауруына және өкпе обырына шалдықтырады.
Ауаның ластануы салдарынан құрбан болғандар тамақтану, есірткі қолдану тағы да басқа да қатерлерден көз жұмғандардан көп. Бұл зерттеу барысында анықталған.
Ауаның ластануының құрбандарының тең жартысына жуығы Қытай мен Үндістанда тіркелген.
Вашингтонда өз зерттеулерін жария еткен ғалымдар Қытай мен Үндістанға ауаға улы заттарды таратпау үшін жаңа технологияларды пайдалануға шақырды.