Жыл сайын ипотекалық несие айналымы жаңа деңгейге көтерілуде - Қазкоммерцбанктің атқарушы директоры

АЛМАТЫ. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ипотека нарығы қайта жандануда. Оны Қазкоммерцбанктің атқарушы директоры Андрей Тимченко бүгін Алматыда алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

«Жыл сайын ипотекалық несие айналымы жаңа деңгейге көтерілуде. Алайда ондағы ахуалды  дағдарысқа дейінгі өсіммен салыстыруға болмайды.  Қазір ипотекалық несиелер ай сайын 35-45 пайыз аралығында өсуде. Айына 20 миллион  теңгеге  дейін ипотекалық несие береміз», - дейді А. Тиченко. Оның айтуынша, бұл жаман емес. Өйткені  2-3 жыл бұрын олар айына 2-3 миллион теңгенің ғана ипотекалық несиесін беретін.