«Жыл сайын республикада 75 мыңнан астам кардиохирургиялық операциялар жасалады. Инсульттың асқынуынан өлім-жітім мен мүгедектікті азайту үшін 40 инсульт орталығы ашылды. Соның арқасында, миына қан шауып, қан айналымы бұзылғаннан болатын өлім-жітім саны бес жылда екі есеге азайды», - деп хабарлады А.Цой.
Оның айтуынша, соңғы 5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам операция жасалған.