Жыл сайын Украина картасынан 25-ке жуық елді мекен жоғалады

КИЕВ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Жыл сайын Украина картасынан 25-ке жуық елді мекен жоғалады,

деп хабарлады Укринформ агенттігі. Бұл туралы Мемлекеттік жер басқару комитеті төрағасының орынбасары Антон Третьяк ауылдық аймақтарды дамыту тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Соңғы 15 жылда ауыл тұрғындарының саны 2 миллион  адамға қысқарды, деп атап өтті Третьяк. 2008 жылғы маусымның 1-іне 5 млн. 770,39 гектар аумақтағы 220 село елді мекендер мәртебесін жоғалтты, қазіргі 12 мың 560 елді мекенде әлеуметтік инфрақұрылым қанағаттанғысыз деңгейде.