«Мемлекеттік инвестициялар аясында жыл соңына дейін 2 млн шаршы метр әлеуметтік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 40 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтылады. Оның ішінде 25 мыңнан астамы қол жетімді несиелік тұрғын үй беру арқылы, 6 мың жеңілдетілген несие арқылы және 10 мыңнан астам отбасы әлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - Мархабат Жайымбетов.
Ал аталған министрлік мәліметінше, әкімдіктерде кезекте тұрған әлеуметтік осал санаттар үшін 1 882 жалға берілетін пәтерлер (немесе 95 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 4 142 пәтерге дейін жеткізу жоспарланған.
«2019 жылы «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінде берілген Елбасы тапсырмасы аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жалғасуда. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 1 664 пәтер салынды және сатып алды. Жалпы, жыл соңына дейін 5 288 отбасын баспанамен қамтамасыз ету көзделеді. Сонымен қатар, түрлі қаржыландыру көздерін тартудың арқасында тағы 3 868 көпбалалы отбасы баспаналы болды», - деп атап өтеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.
Айта кетерлігі, статистика мәліметтерге сәйкес 2020 жылдың 11 айында 12,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға артық. Жыл қорытындысында барлық қаржыландыру көздерінен бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру міндеті аясында 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілмек. Бастапқы жоспар бойынша биыл 14,1 миллион шаршы метр салу жоспарланған болатын.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерді уақытында пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына қажетті инженерлік коммуникацияларды жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 71,8 млрд теңгеге 305 жоба іске асырылып жатыр.