Жыл соңына дейін 25 мың тұрғын үй үлескерінің мәселесі шешіледі - К.Мәсімов

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жыл соңына дейін 25 мың тұрғын үй үлескерінің мәселесі шешіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жылжымайтын мүлік нарығы бойынша бүгінде «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына бөлінген 95 миллиард теңгенің құрылысшыларға 65 миллиард теңгеден астамы аударылды. Атап айтқанда, бүгінде 184 нысанның құрылысы аяқталып, 25 мың үлескердің мәселесі шешілді. Жыл соңына дейін тағы 25 мың үлескерге пәтерлері тапсырылатын болады», - деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы жалпы биылғы жылдың соңына дейін тұрғын үй нарығын дамыту тұрғысындағы барлық мәселелер өз шешімін табатынын айтып өтті.