Сала басшысының айтуынша, қазіргі таңда аталған басқарма арқылы 54 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 23-і өткен жылдан қалғаны болса, 31-нің құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 26 әлеуметтік ғимаратты пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджеттен 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде Ұлттық қордан 4,4 млрд облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге бағытталған.
Бүгінде облыста жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.