Жыл соңына дейін Ақтау қаласында 300 жаңа жол белгілері орнатылмақ
«Қосымша жол белгілерін орнату жаңа бағдаршам объектілерін орнатумен бірге, қаланың көлік инфрақұрылымын жақсарту және жол қауіпсіздігі деңгейін көтеру үшін талап етіледі. 300 жол белгісін орнатуға 5,4 млн. теңге, 15 және 4 ықшамаудандардағы қиылыстарда 2 бағдаршам объектісін орнатуға 6 млн. теңге жұмсалмақ. Бағдаршамдар жұмыс істеуде, жасанды жол бұдырлары мен бағдаршамдар алдына 150 белгі қойылды. Қалған 150 белгі уақыттың мүмкіндігіне қарай жақын арада орнатылады. Қазір біз жасанды жол бұдырларын орнатуға (оған 3,5 млн. теңге қарастырылған), жоғарғы аймақтағы ықшамауданға қарасты ішкі жолдардың ойықтарын жабуға (98 млн. теңге) және жалпы жұмыс көлемі 12 мың шаршы метр қалалық автокөлік жолдарын (66 млн.-ға жуық теңге) ағымдағы жөндеу жүргізуге байқау жарияладық», - деп әңгімеледі Ақтау қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Сағынғали Амангелдиев.