Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
«Астана LRT» ЖШС басшылығының айтуынша, олар әлеуметтік маңызы бар нысандарға жақын орналасады. Басқа аялдама кешендеріне келер болсақ, олар 100 пайыз жаңғыртылады.
Аялдама павильондарын 12,5 шаршы метр және 20 шаршы метр болатын екі өлшемде салынбақ. Қыс мезгілінде аялдама температурасын бақылау тетігі бар инфрақызыл жылытқыштар сақтап тұрады. Бұдан бөлек, барлық аялдамалар жалпықалалық бірыңғай тіршілікпен кешенді қамту жүйесіне қосылған бейнебақылау камераларымен және басқа да тетіктермен жабдықталады. Аялдама кешендерінің ішіндегі ауа алмасу табиғи желдету жолымен іске асырылады.
Жабық типтегі барлық нысандар дәнекерленген болат қораптардан жасалады, деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС.