Бұл туралы бүгін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша халыққа арналған тұрғын үйді сату тетіктері» тақырыбындағы «Эксперт» клубының кезекті отырысында ҚР Өңірлік даму министрлігі, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы Ақылбек Насыпов айтты.
Оның айтуынша, «Қолжетімді баспана» бағдарламасында апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесін шешу жолдары қарастырылған.
«Астанада әкімдіктің жанынан «Елорда даму» ЖШС құрылған. Астанада 228 ескі үйді бұзу жоспарланған. Бүгінде апатты жағдайдағы үйлерде тұрып жатқан адамдарға арнап 6 үйдің құрылысы басталған. Олар сол үйлерге көшірілетін болады.Төрт үй салынып бітейін деп қалды. 180-ге жуық отбасы баспанамен қамтылады деп күтілуде», - деп түсіндірді А. Насыпов.