Соттарды білікті кадрлармен және материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі шешілу үстінде екендігін атап өткен ол: «Өздеріңізде білетіндей, жыл басында ел Президентінің Жарлығымен аудандық судьялардың штаттық саны 450 бірлікке артқан болатын. Қазіргі уақытта 150 судья тағайындалды», - деді.
Жоғарғы сот төрағасының сөзіне қарағанда, бұдан бөлек 100 кандидат Жоғарғы сот кеңесінің соңғы отырысында мінездеме алған және тағы 100 бірлік бос орынға байқау жария етілген.
«Осы жылдың төртінші тоқсанының соңына дейін қалған 100 бос судьялар орны бөлінетін болады», - деді Қ.Мәми.