Ведомствоның ақпаратына қарағанда, Қазақстан жыл сайын шетелдегі дипломатиялық өкілдерінің географиясын кеңейтіп келеді. Мұның қатарында Африка құрлығы да бар. Жалпы, Қазақстан Африка елдермен ынтымақтастықты өзінің сыртқы саясатындағы басымдықты бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
Айта кетейік, Қазақстанның Африкадағы ең бірінші Елшілігі 1993 жылы Мысыр Араб Республикасында ашылған болатын. Ал 2013 жылы Қазақстан Елшілігі Оңтүстік Африка Республикасында өз жұмысын бастады.