«Менің ойымша, инфляция өткен жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк пен Үкіметтің болжамы деңгейінде, яғни 6-8 пайыз көлемінде болады», - деді Ә. Смайылов.
Оның айтуынша, бүгінде ішкі тұтыну нарығындағы импорт көлемі 36-37 пайызды құрап отыр.
«Теңге бағамын түзетуге байланысты бұл көрсеткіш келесі жылы тек төмендейтін болады. Азық түлік тауарлары бойынша импорт көлемі 21 пайызды құрайды. Жалпы айтқанда, Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық банк тарапынан шаралар дер кезінде қолға алынды», - деп атап өтті ол.