Жыл соңына дейін «Жаңа Мекке» жобасы бастау алмақ
02:02, 12 Наурыз 2013
АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы жыл соңына дейін Меккедегі тұрғын үй құрылысына қатысты жобаны жүзеге асыруға кіріседі. Бұл жоба «Жаңа Мекке» деген атауға ие болып отыр. Осы жайында Anadolu Agency хабар таратты.
Жоба бойынша Бауабад елдімекені Қағбадан 13 шақырым қашықтыққа дейін кеңейтілмек. Дәлірегі, 1,6 млн шаршы метрге үй тұрғызылып, 690 мың адам баспанамен қамтамасыз етілмек.
muslim.kz сайтының жазуынша, құрылысты жүргізетін Sumuo компаниясы Жидда қаласындағы құрылыс пен жылжымайтын мүлікке қатысты жобасымен халықаралық жәрмеңкеде таныстырмақ.
Бұл жобаға түріктердің Atlas Group Construction құрылыс компаниясының да атсалысатынын айта кету керек.