2009 жылдың соңына қарай олардың санын 54-ке дейін арттыру көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олардың қатарында - бұрын-соңды сотты болмағандығы, не болғандығы туралы, баланы туу және оны күту бойынша жәрдемақыны тағайындау туралы және мүгедектіктің тобын растайтын анықтамаларды алуға, іздеуде жүрген автокөлік құралдардың тізімінен тексеруге, сондай-ақ иесі анықталмаған көліктерге байланысты ақпарат алуға болады.
Бүгінде электрондық қызметтің барынша мүмкін түрлерін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет және қаржы министрліктері көрсетіп отыр.
Жалпы электрондық қызметтерді көрсетуге жұмылдырылған мемлекеттік органдарда 200-ден астам ақпараттық жүйе бар.