Жыл спортшысы атағы үшін күресте Джокович Роналдуды артқа тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербиялық теннисші Новак Джокович Laureus нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды, деп хабарланды ұйымның Twitter-дегі ресми блогында. Laureus Awards наградаларымен марапаттау рәсімі сәрсенбі күні Шанхайда өтеді, деп жазды 'Р-Спорт'.

Джоковичтан басқа жыл спортшысы атануға британиялық автошабандоз Льюис Хэмилтон, француздың сырықпен секірушісі Рено Лавиллени, британиялық гольфшы Рори Макилрой, испаниялық мотошабандоз Марк Маркес пен португалиялық футболшы Криштиану Роналду үмітті болған, деп хабарлады Vesti.kz.