Жылан орап қылқындырған әйел аман қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Огайо штатындағы полиция бөлімшесіне әйел қоңырау соғып, өзін жылан орап қылқындырып жатқандығын айтқан, деп жазады Fox News.

Басылымның жазуына қарағанда,  жарты метрлік жылан 45 жастағы әйелді орап, өлтірмекші болған.

Қоңырау түскеннен кейін құтқарушылар бірнеше минутта оқиға орнына жеткен. Жылан оралған әйелді құтқару үшін бауырмен жорғалаушының басын пышақпен кесіп алуға тура келген. Қазірге кезде әйелдің өміріне еш қауіп жоқ.