Жыланның кесілген басы өрт сөндірушіні шағып алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Теннесси штатындағы Спринг Хилл қаласының тұрғынын сылдырмақты жыланның кесілген басы шағып алды.

Бұл туралы WTVF телеарнасы хабарлады.

Оқиға  өрт сөндіруші болып жұмыс атқаратын Кайл Уотсон отбасымен серуенге шыққанда болған. Орманда оның әйелі жыланды басып кете жаздаған. Ешкім зардап шекпесі үшін ер адам қалақпен ирелеңдеген улы бауырымен жорғалаушының басын шауып тастаған. Американдық өлген жыланды көтеріп, балаларына көрсетпек болған кезінде  шабылған жыланның басы  кенеттен қозғалып қолынан шағып алған. Артынша өрт сөндіруші бірнеше қадам басқан күйі есінен танып құлаған. Құтқарушыларға зардап шеккен жанға жетіп, оны орманнан алып шығып, тікұшақпен ауруханаға жеткізу үшін  бір сағаттан артық уақыт кетеді.  Дәрігерлер оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп отыр.