Жылап тұрған француз жанкүйерін португалиялық бала жұбатты (ВИДЕО)
16:17, 11 Шілде 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде Еуро-2016 финалынан кейін Португалия мен Франция жанкүйерлері түскен әсерлі видео пайда болды.
Видеоның басты кейіпкерлері француз командасының жейдесін киген ер адам және португалиялық бала. Кішкентай ұл жылап тұрған француз жанкүйерін иығынан қағып жұбатып, қолын қысады. Содан кейін португалиялық ұл мен француз жанкүйері екі ел фанаттарының достығы ретінде құшақтасады.