Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактурамен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.
Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғындары 2017-2019 жылдар аралығында 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдардың салықтан жалтаруына көмектесу үшін ЖШС арасында 6 млрд теңгеден аса сомаға сауда-саттық болған делінген жалған шот-фактура жазған.
Аталған азаматтардың алдын ала сөз байласып экономика саласындағы жасаған заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке аса ірі көлемде залал келген.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен қылмысты жасаған 3 азамат ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлімі, 29-бабы 5-бөлімі және 216-бабы 3-бөлімімен кінәлі деп танылып 2,6 жылдан 3 жылғы дейін бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, соттың үкімімен аталған азамат 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар сот залында қамауға алынды.