«2016 жылы Қазақстандағы инфляция бәсеңдеу сипатына ие болады. Нәтижесінде жылдық инфляция 8 пайыздан аспайды. Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет айқындаған дәлізге оралады», - деді ол.
Айта кетерлігі, Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, теңге бағамын түзету 2015 жылы инфляциялық процестердің сол жылдың екінші жартысында басымдықпен артуына әкелген. Қорытындысында өткен жылғы жылдық инфляция деңгейі 13,6 пайызды құраса, осы жылдың ақпан айының соңында 15,2 пайызға дейін артты.
«2016 жылғы Ұлтық банктің негізгі күш-жігері инфляцияны 6-8 пайыз дәлізде ұстауға бағытталады», - деді Д.Ақышев.