«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы жылғы қыркүйектен бастап баға өсуінің монетарлық емес факторларын тұрақтандыру мақсатында Инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені іске асыра бастады. Өз тарапынан, Ұлттық банк экономикадағы сұраныстың өсуіне жауап ретінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізу аясында базалық ставканы 9 пайыздан 9,75 пайызға дейін үш рет көтерді. Сұраныс тарапынан инфляцияға қарсы қысым биылғы жылғы 9 айда тұтыну тауарлары импортының 21,4 пайызға өсуімен расталады», - деді «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» баяндаған Ерболат Досаев.
Оның атап өтуінше, Үкімет пен Ұлттық банктің үйлескен іс-қимылының нәтижесінде биылғы қазанда 6 ай жеделдеген жылдық инфляцияның өсімі тоқтады.
«Инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені аясында тауар нарықтарындағы дисбалансты жою мақсатында жедел және жүйелі іс-шараларды одан әрі іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы инфляцияны 8,5 пайызға дейін тұрақтандыруға және 2022 жылы 4-6 пайыздық нысаналы дәлізге кіруге мүмкіндік береді», - деді ҰБ төрағасы.