Сектордағы ай ішінде орын алған ең жоғары өсімі Алматы (1,7 пайыз), Қостанай (1,5) және Түркістан облыстарында (1) байқалады.
Ал жылдық қарқында қымбатшылықты Ақмола мен Маңғыстау облыстарының (8,1 пайыз), Нұр-Сұлтан қаласының (7) тұрғындары сезінді.
Бағаның жылдық өсімі еліміздің 17 өңірінің 16-сында байқалады. Тек Ақтөбе облысында ғана бағаның 1,8 пайызға төмендеуі тіркелген.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросының мониторингіне кіретін дәрілік заттардың ішінде 30 мл-лік «Хилак форте» бағасы бірден 20,3 пайызға қымбаттап, 1,6 мың теңгеге жеткен.
Ал 125 мл-лік «Аквалор» 9,8 пайызға өсіп, 2 мың теңгеге, ішінде 100 дәрі бар 40 мг-дық «Но-шпа» 9 пайызға артып, 2,7 мың теңгеге, 30 капсулалық «Эссенциале форте Н» 8,2 пайызға қымбаттап, 2,9 мың теңгеге, жөтелге арналған 100 мл-лік «Бронхикум-С» шәрбаты 7,3 пайызға артып, 1,5 мың теңгеге дейін өскен.
Сонымен қатар парацетамол, азитромицин, «Гипотиазид», «Верошпирон» сынды дәрілердің арзандағаны байқалады.