Жылдың алғашқы үш күнінде 116 адам апаттан зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылдың алғашқы үш күнінде 116 адам апаттан зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел деректері бойынша 2023 жылдың алғашқы 3 күнінде Қазақстан жолдарында орын алған апаттардан 116 адам зардап шегіп, өңірлердің төтенше жағдайлар қызметінің көмегіне жүгінді. Мұның ішінде 26 бала, 3 жүкті әйел, 76 адам стационарға жеткізілді, 9 адам қаза тапты», - деп жазды ведомстводан.

Жолдарда зардап шеккендердің барлығына амбулаториялық және стационарлық деңгейде білікті медициналық көмек көрсетіледі.