Жылдың басынан бері Қазақстанда құрылыста алюкобонд материалын пайдалануға тыйым салынды

None
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің бастамашылығы бойынша, қаңтардың 1-інен бастап Қазақстанда «алюкобонд» түріндегі алюминийлі композиттік материалдар мен басқа да тез жанатын қаптама панельдерді қолдануға тыйым салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Аталған композиттік материалдар өрт кезінде жалынның нысан қасбетімен жоғары қарай ғана емес, сол сияқты төмен қарай да таралуына себеп болады. Оның үстіне, ол панельдер жанған кезде улы заттар бөліп, ғимараттағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қосымша қатер төндіреді», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.Дейтұрғанмен, бұл тыйымның бұған дейінгі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жобаланып, салынған ғимараттар мен құрылыстарға қатысы жоқ.