Жылдың ең үздік әңгімесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Африкалық жас баланың бұл шағын әңгімесіне «2005 жылдың ең үздік әңгімесі» атағы берілген. Massaget.kz аударған әңгімені бірге оқиық...

«Мен мынау жарық дүниеге қара түсті адам болып келдім. Есейгенде де қара түсте қала бердім. Мен күннің астында қанша отырсам да қара түсім өзгермейді. Тіпті, о дүниеге де қара түсті болып кетемін. Ал, Сіз ақ адамсыз: Туған кезде - қызыл шақа кейіпте боласыз; Өскен кезде - ақ түске енесіз; Күн астында қалсаңыз - қызарасыз; Мұздаған кезде - көгере түсесіз; Қорыққан кезде - сарғыш тартасыз; Егер көңіл-күйіңіз түсіп кетсе - жасыл түске бояласыз; Өлген кезде - сұр түсті боласыз. Сонда неге мені түрлі-түсті дейсіз?..»