Жылдың соңғы айлары тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік шараларға толы болады - Д.Мыңбай
Бұл мәліметтерді бүгін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға арналған республикалық кеңес барысында ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Дархан Мыңбай мәлім етті.
Д.Мыңбайдың айтуынша, бұл осылайша ұлттық жоспарда белгіленген шаралардың 30 пайыздан астамы. Аталған шаралардың 13-і Мемлекет басшысының қатысуымен өткен. 23 шара ұзақмерзімді.
10 мыңнан астам шаралар еліміздің аймақтарында іске асырылды. Мерекелік шаралардың барлығына 10 миллионнан астам адам қамтылып, 100 мыңнан астам үгіт-насихат құралдары орнатылды. «Үгіт-насихат жұмыстарына 100 республикалық, мерзімді басылымдар, ақпарат агенттіктері мен республикалық телеарналар тартылды. Жыл басынан бері республикалық басылымдардың бетінде тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған 5 мыңнан астам материалдар жарияланды. Электронды ақпарат құралдарында 1 мыңға жуық сюжеттер шықты»,-деді Президент әкімшілігінің өкілі.
Оның сөзіне қарағанда, 20 жылдыққа арналған маңызды шаралардың бірі - Астана, Алматы қалалары мен еліміздің облыстары күні. «Қазіргі таңды осы шараларды өткізудің жоспары бектілген. 9 қыркүйекте елордада Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының күндері өтті. 29 қыркүйекте Астанада Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының күндері өтеді. Қараша айының ортасына дейін еліміздің өзге аймақтарының күндері өтеді. Осылайша жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыру жұмыстары мәресіне жетіп қалды»,-деді Д.Мыңбай.
Оның мәліметтерінше, яғни қазан айы ауылды жаңғыртуға арналған ауыл жылы, ал қараша үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны дамытуға бағытталып отыр. «26-шы қарашадан «Тәуелсіздік бағындырған 20 белес» деген атаумен белгілі 20 жұлдызды күн басталады. Осы күндердің аясында, яғни 30-шы қараша күні «Келісім» ұлттық келісім күні өтеді. Сондай-ақ 14-ші желтоқсанда «Мемлекеттік тіл» атты мемлекеттік тіл күні өтеді. Тәуелсіздік мерекесінің соңғы әрі маңызды мерекелерін жоғары деңгейде өткізу керек. Осы уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы аймақтарда үйлестіру, ұйымдастыру, маңызды міндеттерді нақтылау шаралары жүзеге асырылуда»,-деді Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.