IAAF-тың қысқа тізіміне 10 ер, 10 әйел спортшы енген. Оларға 16 қазанға дейін IAAF кеңесінің мүшелері (жалпы дауыстың 50 пайызы), IAAF мүшелері (25 %) және жанкүйерлер (25 %) дауыс бере алады.
Жанкүйерлер дауысты IAAF-тың Facebook, Twitter секілді әлеуметтік желідегі парақшалары арқылыберуге мүмкіндігі бар. Марапаттау рәсімі 24 қарашада Монакода өтеді.
2017 жылдың үздік атлетіне үміткерлердің тізімі:
Ерлер
Мутаз Баршим (Катар, биіктікке секіру)
Павел Файдек (Польша, балға лақтыру)
Мохаммед Фара (Ұлыбритания, жүгіру)
Сэм Кендрикс (АҚШ, сырықпен секіру)
Элайя Манангои (Кения, жүгіру)
Луво Маньонга (ОАР, ұзындыққа секіру)
Омар Маклауд (Ямайка, жүгіру)
Кристиан Тэйлор (АҚШ, үш қарғып секіру)
Уэйд ван Никерк (ОАР, жүгіру)
Йоханнес Феттер (Германия, найза лақтыру)
Әйелдер
Алмаз Аяна (Эфиопия, жүгіру)
Мария Ласицкене (Ресей, биіктікке секіру)
Хеллен Обири (Кения, жүгіру)
Салли Пирсон (Аустралия, жүгіру)
Сандра Перкович (Хорватия, диск)
Бритни Рис (АҚШ, ұзындыққа секіру)
Кастер Семеня (ОАР, жүгіру)
Екатерини Стефаниди (Грекия, сырықпен секіру)
Нафиссату Тиам (Бельгия, жетісайыс)
Анита Влодарчик (Польша, балға лақтыру).