Биылғы байқау да бірнеше аталым бойынша өтті. Оның бірін - «Үздік дәрігер» атағын Астана қаласы туберкулезге қарсы диспансердің остеохирургиялық бөлімнің меңгерушісі Әділет Дүйсембаев иеленді. «Болашақ» бағдарламасының түлегі өз қызметінде инновацияларды көптеп қолдануға тырысады. Бүгін ол министрдің қолынан өз марапатын алып, халықтың зор қошеметіне бөленді. Бұдан басқа, «Үздік менеджер», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік санитарлық дәрігер - эпидемиолог», «Үздік провизор», «Үздік мейіргер», «Үздік сарапшы», «Үздік донор» және тағы басқа аталымдар бойынша жеңімпаз атанған мамандар марапатталды. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның денсаулық саласында 65 мыңнан астам дәрігер, 150 мың мейіргер және 13 мыңнан астам фармацевт еңбек етеді. «Негізі, тек ақ халатты абзал жандардың еңбегі ғана аман қалған адам өмірі деген нақты нәтижемен бағаланады. Сіздер әрбір науқастың дертін жан-тәнімен сезіп, оған сан алуан қиыншылықтарды еңсеруге көмектесесіздер! Сіздердің еңбектеріңізге көптеген азаматтардың тағдыры байланысты болып тұр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!», - деді С.Қайырбекова.
Айта кетейік, Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні әр жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл ол мереке 16 маусымға түсіп тұр.